Басшылық

Басқарма төрағасы (Президент)
Турикпенбаев Абай Ногаевич

Абай Ногаевич Турикпенбаев 1964 жылы 4 маусымда Шымкент қаласында (Оңтүстік Қазақстан облысы) дүниеге келген. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазан химиялық-технологиялық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. 2000 жылы Еуразия нарық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1986-1989 жылдар – «Навоиазот» ӨБ (Навои қаласы, Өзбекстан) – аға шебер, 1, 2 аммиакті өндірудің химиялық жабдығын жөндеу жөніндегі шебер;
  • 1989-1993 жылдар – «Каспий маңы тау-металлургиялық комбинаты» ӨБ азот-тыңайтқыш зауыты (Ақтау, Қазақстан) – бөлім механигі, жабдықтарды жөндеу жөніндегі шебер, Аммиак-1 цехының 6 разрядты слесарі;
  • 1993-1995 жылдар – «Каскор» АҚ (Ақтау, Қазақстан) – меркетинг және шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты ұйымдастыру бөлімінің 2-санатты инженері, менеджері, бастығы;
  • 1995-2000 жылдар – «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ (Ақтау, Қазақстан) – мұнай өнімдерін өткізу басқармасы бастығының орынбасары;
  • 2000-2002 жылдар – «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ (Павлодар, Қазақстан) – коммерциялық директор;
  • 2002-2003 жылдар – «ӨзенМұнайГаз» АҚ (Жаңаөзен, Қазақстан) – бақылау-аналитикалық департаментінің директоры;
  • 2003-2004 жылдар – «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС (Ақтау, Қазақстан) – Құрылысы салынып жатқан объектілер дирекциясы директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушы;
  • 2004-2008 жылдар – «ТенизСервис» ЖШС (Ақтау, Қазақстан) – бас директордың орынбасары;
  • 2008-2012 жылдар – «Батуми Индастриал Холдинг Лтд» (Батуми, Грузия) – директор;
  • 2013 жыл – «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ – талдау және жобалау департаментінің директоры;
  • 2014-2015 жылдар – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ – порт ғимараттары және күрделі құрылыс бөлімінің бастығы;
  • 2015-2016 жылдар – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ – техникалық мәселелер жөніндегі вице-президент;
  • 2016 жылғы қазаннан 2017 жылғы қаңтарға дейін – «Құрық порты» ЖШС – бас директор;
  • 2017 жылғы ақпаннан бастап – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (Президент).

Бірінші вице-президент
Мехта Назбан Бехрам

1966 жылы 14 қарашада мумбай қаласында (Үндістан) дүниеге келген. Коммерциялық қызмет бойынша Қаржы есебі және аудит мамандығы бойынша Бомбей университетінің бакалврын тәмамдаған (1987). 1997 жылдан бастап Chartered Shipbrokers Институтының өкілі, Лондон. Мүшелік № 8886.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1988 жылғы маусымнан 1991 жылғы мамырға дейін – Seaspeed кеме агенттігі (бас агенттік) – өндірістік мәселелер жөніндегі маман.
  • 1991 жылғы мамырдан 1992 жылғы қаңтарға дейін – Maersk India – өндірістік мәселелер жөніндегі маман.
  • 1992 жылғы қаңтардан 1996 жылғы қаңтарға дейін –  Maersk Line (Үндістан) – директорлың контейнерам-рефрижераторлар бойынша көмекшісі.
  • 1996 жылғы қаңтардан 1997 жылғы тамызға дейін – Maersk Line (Кандла/Порбандер) – филиал директоры.
  • 1997 жылғы тамыздан 2001 жылғы қаңтарға дейін – Maersk Line (Үндістанның Батыс және Солтүстік аймақтары) – өндіріс жөніндегі менеджер.
  • 2001 жылғы қаңтардан 2001 жылғы тамызға дейін – Джавахарлал Неру Порттағы Maersk жүк контейнер станциясы – аға менеджер.
  • 2001         жылғы тамыздан 2003 жылғы сәуірге дейін – Гуджарат Пипавав порты – пайдалану жөніндегі аға вице-президент.
  • 2003 жылғы сәуірден 2005 жылғы маусымға дейін – Maersk Line (Батыс Үндістан) – көліктің аралас түрлерімен жүзеге асырылатын операциялар жөніндегі директор.
  • 2005 жылғы маусымнан 2005 жылғы желтоқсанға дейін – «Жедел қызмет көрсету және жөндеу» – өндіріс жөніндегі директор.
  • 2005 жылғы желтоқсаннан 2006 жылғы қыркүйекке дейін – «Мастер Марин Сервис» ЖШС филиалы (Сақтандыру және жүк инспекицялық компаниясы) – өндірістік мәселелер жөніндегі директор.
  • 2006 жылғы қыркүйектен 2006 жылғы желтоқсанға дейін – Халықаралық контейнер терминалы (NSICT) (Нава Шева, Үндістан) – көліктің аралас түрлерімен жүзеге асырылатын операциялар жөніндегі директор.
  • 2007 жылғы қаңтардан 2011 жылғы желтоқсанға дейін – DP World Субконтинент компаниясы – жобалар мен бизнесті дамыту жөніндегі директор (Бас директор лауазымына ауысу арқылы).
  • 2011 жылғы желтоқсаннан 2013 жылғы қаңтарды қоса – Халықаралық контейнерлік терминал (Нава Шева, Үндістан) – өндірістік мәселелер жөніндегі бас басқарушы.
  • 2013 жылғы қаңтардан 2016 жылға дейін – Гетвей Терминал ЖШС (‘NSIGT’) (Нава Шева, Үндістан) – бас басқарушы.
  • 2016 жылғы 24 наурыздан бастап «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ (Ақтау, Қазақстан) – бірінші вице-президенті.

Қаржы және экономика жөніндегі вице-президент (Басқарма мүшесі)
Уилсон Марина Анатольевна

1966 жылы Ангарск қарасында (Ресей) дүиеге келген. 2001 жылы «халықаралық экономист» мамандығы бойынша «Қайнар» университетін (Алматы қаласы), 2007 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін (Ақтау қаласы) тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1984 – 1992 жылдар – АКПО (Ақтау, Қазақстан) – жүктер мен багаждарды қабылдап-тапсырушы.
  • 1999 – 2000 жылдар – «Ақтау теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – «АТСП» РМК) (Ақтау, Қазақстан) – коммерциялық және жүк жұмыстары бөлімінің инженері.
  • 2000 – 2003 жылдар – «АТСП» РМК (Ақтау, Қазақстан) – қаржы менеджменті бөлімінің инженері.
  • 2004 – 2008 жылдар – «АХТСП» РМК (Ақтау, Қазақстан) – экономикалық талдау және тарифтік саясат бөлімі бастығының орынбасары.
  • 2008 – 2012 жылдар – «АХТСП» РМК (Ақтау, Қазақстан) – стратегиялық жоспарлау және ұзақмерзімді инвестицияларды басқару бөлімінің бастығы.
  • 2012 – 2015 жылдар – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ (Ақтау, Қазақстан) – қаржы басқармасының бастығы.
  • 2015 жылғы қарашадан бастап – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ вице-президенті.

 

Пайдалану жөніндегі вице-президент  
Хартян Вячеслав Кеворхович

1956 жылғы 13 қыркүйекте дүниеге келген. 1988 жылы Грозный пролитехникалық техникумын техник-механик мамандығы бойынша тәмамдады. 2006 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін инженер мамандығы бойынша аяқтады. Оңтүстік-Ресей мемлекеттік техникалық университетінде «Порттар мен көлік терминалдарының жүк тиеу жабдықтарын пайдалану инженері» мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1998-2003 жылдар – «Лев Шмунк» ЖШС (Қазақстан, Ақтау қаласы) – директор;
  • 2003 жыл – «Актау Адай-Сервис» ЖШС (Қазақстан, Ақтау қаласы) – директор;
  • 2003-2004 жылдар – «Трансглобал Проджектс Казахстан» ЖШС шетелдік кәсіпорнының филиалы (Қазақстан, Баутино поселкесі) – аға механик;
  • 2005-2007 жылдар – «Тениз Сервис» ЖШС (Қазақстан, Ақтау қаласы/Баутино поселкесі) – Баутино филиалының директоры;
  • 2007-2008 жылдар – «FMC Technologies Kazakhstan» ЖШС (Қазақстан, Ақтау қаласы) – өндірістік базаның директоры;
  • 2008-2013 жылдар – «Батуми теңіз порты» ААҚ (Грузия, Батуми қаласы) – бас директор;
  • 2013 жыл – «General Composite Products» ЖШС (Қазақстан, Ақтау қаласы) –директор;
  • 2013-2015 жылдар – «Косми Казахстан» ЖШС (Қазақстан, Баутино поселкесі) – мердігердің өкілінің орынбасары/басқарушы директор;
  • 2015-2016 жылдар – «Компания «UNEX STROY» ЖШС (Қазақстан, Атырау облысы) – жобаның бас механигі.
  • 2017 жыл – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ пайдалану жөніндегі вице-президенті.