Әлеуметтік жауапкершілік

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ-нда көп ұлтты кәсіби мамандар жұмыс жасайды. 540 адам Компанияны нарықта алдыңғы орынға шығуы үшін күші мен талантын қосып жұмыс істеуде.

2015 жылы «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ республикалық «Парыз» конкурсында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік-жауапкершілікті кәсіпорын» номинациясы бойынша үшінші орынға ие болып, үздіктердің бірі ретінде танылды.

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ қызметкерлерді басқару жүйесі еңбек қатынасы саласындағы (жұмыскерлерге жеңілдіктр мен кепілдіктер беру мәселесін қоса алғанда) Компанияның әлеуметтік жауапкершілігіне және Компания мен қоғамның қатынас жүйесіне, сонымен қатар қызметкерлерді басқару саласындағы нормативтік актілерге сүйенеді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 156 бабына сәйкес, «АХТСП» ҰК» АҚ-нда «АХТСП» ҰК» АҚ мен оның жұмысшылары арасында ұжымдық келіссөздерді жүргізу, жобаларды дайындау, ұжымдық шартты жасау және оның жүзеге асырылуын бақылау және оны толықтыру мен өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша комиссия құрылды.

Компания мен оның еңбек ұжымының арасындағы ұжымдық шартта Қоғамның жұмыскерлері мен зейнеткерлерін материалдық қолдаудың негізгі бағыттары белгіленген.
Порт аумағында Спорттық-сауықтыру кешені салынған. Жұмыскерлер жұмыстан бос уақытында замануи жаттығулар залына, аэробика сабақтарына барып, үстел теннисін ойнай алады.

“АХТСП” ҰК” АҚ -да жұмыскерлердің балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Балалар әр жылдарда республикалық және шетелдік балаларды сауықтыру орталықтарына барып демалды. 2017 жылы Әзірбайжан Республикасындағы сауықтыру лагеріне Қазақстаннан алғаш рет Ақтау порты жұмыскерлерінің балалары барып демалып қайтты.

Компания басшылығы еңбекті қорғау және жұмыскерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың еңбек жағдайын жақсарту, ауыр, зиянды және ерекше жұмыс жағдайларына байланысты өтамақыларды сақтау бойынша жұмыскерлерге қатысты әлеуметтік саясатын тұрақты жүргізіп келеді.