Вакансии

qsamruk.kz – Қазақстанның барлық өңірлерінен “Самұрық-Қазына” қоры тобының 167 компаниясының бос жұмыс орындарын біріктірген Samruk Qyzmet онлайн-рекрутинг платформасы.

“Ақтау теңіз сауда порты” ҰК ” АҚ-ға конкурстық негізде мынадай қызметкерлер талап етіледі:

1. Порталды кран жүргізуге құқылы докер-механизатор.
Жалпы саны: 4 бірлік.

2. Жартылай үсті ашық тіркемелі сүйреткіш тіркемесі бар тартқышты жүргізуге құқылы докер-механизатор.
Жалпы саны: 4 бірлік.

Біліктілік талаптары:

Докер-механизатор, орта білімі және докер-механизатор ретінде кемінде 1 жыл жалпы жұмыс өтілі бар адам, сондай-ақ техниканың мынадай түрлерін басқару:
– жүк көтергіштігі 28 тоннаға дейінгі автотиегіштерді басқару және пайдалану;
– порттық ершікті тартқыштар мен трейлерлерді басқару және пайдалану;
– шөмішті (фронтальды) тиегіштерді басқару және пайдалану;
– “СОКОЛ”, “АЛЬБАТРОС” және “ТУКАН -1500” типті порталды крандарды басқару және пайдалану»;
– “Либхерр-вер-ненцинг” икемделгіш порт крандарын басқару.