ТХКМ сарапшылар кеңесі 2017 жылға арналған жоспарларды талқылады

Бүгін Баку қаласында «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» халықаралық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (ТХКМ) Жалпы жиналысының кезекті отырысының алдында сарапшылар кеңесі болып өтті. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ 2017 жылғы ақпан айынан бастап ТХКМ құрылтайшыларының бірі атанған болатын. Кеңес делегаттары, яғни Қазақстан, Әзірбайжан және Грузияның теміржол компаниялары мен порттарының басшылары, Қауымдастыққа мүшелікке енуге қатысты бірқатар ұйымдастыру мәселелерін, сонымен қатар Транскаспий көлік маршрутын дамыту бойынша жұмыс тобының ережесі мен құрамын, 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын талқылап, бекітті.