Ақтау портында спорттық жарыстар өтті

Бүгін Отан қорғаушылар күні мен 9 Мамыр – Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Ақтау портында спорттық жарыстар өтті. Оған түрлі бөлімшелердің жұмыскерлері қатысты. Порт қызметкерлері үшін мұндай спорттық шараларды өткізу дәстүрге айналған.

Әйелдер арасындағы үшсайыста сыртқы байланыс тобының маманы А.Қамбар жеңімпаз атанса, ерлер арасындағы үшсайыстан докер-механизатор Е. Рыбальченко үздік шықты. Ерлер арасындағы үшсайыста екінші, үшінші орындарды Қ. Иманғалиев пен Қ.Қазиев өзара бөлісті. Барлық жүлдегерлер ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

Әріптестерімізді жеңісімен құттықтаймыз және спортта әрдайым үздіктер қатарынан көрінуге тілектеспіз!