ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Д. Құсайынов Ақтау портына келді

1 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Досымханұлы Құсайынов және «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нури Лазарұлы Тумышев Ақтау портына іссапармен келді.

Сапар барысында олар порт жұмыскерлерімен кездесіп, ҚР Парламентінің қаржы-экономикалық бөлімінің өкілі ретінде С.Д. Құсайынов  еліміздегі экономикалық жаңалықтармен таныстырды, ҚР Президентінің Жолдауындағы басты бағыттарға тоқталды, еліміздің рухани жаңғыруы жолында бірауызды бірлікте болуға шақырды.

Порт жұмыскерлері жеке мәселелері бойынша сұрақтар қойып, депутат өз тарапынан аталған жағдайларға байланысты мәселелерді талдауға уәде берді.

Кездесуден кейін қонақтар порт айлақтарын аралап, порттың экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті М.А. Уилсон мен маркетинг бөлімінің бастығы Әмір Досхан өндірістік көрсеткіштермен таныстырды.