Ақтау портында теңізде жүзу қауіпсіздігін күшейту туралы әңгіме болды

28 шілдеде Ақтау портында «Теңіз көлігі саласын дамыту және Каспий теңізінде теңізде жүзу қауіпсіздігінің деңгейін көтеру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Оны ұйымдастырушылар ҚР Бас Прокуратурасының Бас көлік прокуратурасы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Ақтау халықаралық теңіз сауда порты болды. Каспий теңізіндегі қауіпсіздік мәселелерін талқылауға Ресей Федерациясы мен Әзірбайжан Республикасының Бас прокуратурасының өкілдері, «Қазтеңізкөлікфлот» ҰТКК»ЖШС,  «KTZ Express shipping»ЖШС, NCOC, «Құрық порты» ЖШС және басқа 20 мүдделі кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Отырысты Маңғыстау облысының әкімі  Ералы Тоғжанов ашты.