Бүгін Ақтау порты өзінің 54 жылдық туған күнін мерекеледі

Порт жұмыскерлері – ерекше мамандық иелері, теңіз әрқашанда өз заңына бағындырады, сондықтан осында қатарласа иық тіресіп еңбек ететін барлық жұмыскерлер үшін маңызы зор мереке болып саналады. Мереке қарсаңында екі апта бойы барлық бөлімшелерде жоғары көңіл-күй орын алып, спартакиадалар, сенбілік, балалар суреттерінің байқауы, КВН өткізілді, оған 200- ден астам порт қызметкерлері қатысты.

29 қыркүйекте өткен салтанатты жиында порт өзінің ардагерлері мен көптеген жарыстардың жеңімпаздарына құрмет көрсетті. Осы мереке күні әртүрлі кезеңде зейнеткерлікке шыққан байырғы қызметкерлердің барлығы шақырылып, мерекелік дастархан жайылды. Порт президенті
А. Турикпенбаев пен бөлімше басшылары зейнеткерлерге жылы сөздерін арнап, сыйлықтар табыстады, өйткені 1 қазан Порт күні сондай ақ Халықаралық Қарттар күнімен сәйкес келді.

Ал 1 қазан күні дәстүрлі Ашық есік күні өткізілді. Осы шара аясында Алматы қаласындағы Қазақ-Британ техникалық университеті жанындағы Қазақстанның Теңіз Академиясы ұйымдастырған тұсаукесерге қатысуға келген әртүрлі оқу орындарының 130-дан астам оқушылары портқа саяхат жасады. Аталмыш оқу орны деканының орынбасары М.Ю. Ялбачев оқушыларға университеттен алуға болатын теңіз мамандықтары туралы кеңінен әңгімеледі, балалар порт айлақтарында болған кезде порт қызметкерлері танымдық экскурсиялар өткізді.

Аяқ астынан басталған жауын-шашынға қарамастан порт қызметкерлері балалары, туыстары және достарын ала келген. Оларға экскурсиялар ұйымдастырылып, порт айдынында сүйреткіштермен жүзуге мүмкіндік берілді. Нөсер жауын портқа келуге тосқауыл бола алмады, өйткені портқа тек қана оның туылған күнінде ғана кедергісіз кіруге болатын еді.

Құрметті порт қызметкерлері, мереке құтты болсын! Сіздерге қосқан үлестеріңіз бен өз ісіне берілгендіктеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздерге бақыт, табыс, денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш пен амандық тілейміз.