Ақтау портында Донор күні өткізілді

2017 жылдың 16-19 қазанында «Облыстық қан орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Ақтау портында дәстүрлі Донор күні өткізілді.

Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының ауыр науқастарына қолдау көрсетуге арналған қайырылымдылық акциясына қатысуға ниет білдірген 70 қызметкердің ішінде техникалық мәселелер жөніндегі вице президент А.Атамбаев пен бөлімше жетекшілері де болды.