Ақтау портында профилактикалық оқу шаралары өткізілді

Бүгін Маңғыстау облысының ІІД Терроризмге қарсы күрес комитетінің тапсырмасы бойынша терроризмге қарсы даярлықтың бірегей күні аясында Ақтау портында Маңғыстау облыстық ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары полиция подполковнигі Дәулет Қаражанов пен арнайы бөлімше өкілдерінің қатысуымен профилактикалық оқу шаралары өткізілді.

Порттың жиналған жұмыскерлеріне түсіндіру мақсатындағы бейнероликтер көрсетілді, Д. Қартжанов  террористік қауіп төнген төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы нақты нұсқаулар берді.

Шараға  Ақтау портының басшылары, бүкіл жұмыскерлері мен күзет қызметінің қызметкерлері қатысты.