Аскар Мамин Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты

Ағымдағы жылы 24 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына  жұмыс сапары барысында «Ақтау теңіз порты» АЭА және Каспийдегі логистикалық инфрақұрылымды дамыту жоспары мәселелері бойынша мәжіліс өткізді. Аталған жиын Ақтау портында өтті.

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Қайратов айтқандай, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ 2002 жылы экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндірісті дамыту үшін инвестиция тарту мақсатында құрылған. 27 қатысушы тіркелген. Қазіргі кезде Қытай, Түркия, Германия, Италия, Ұлыбритания, Әзірбайжан инвесторлары жұмыс істеуде. 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, 1300 жұмыс орындары ашылды, 260,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бюджетке төленген төлемдер 23,6 млрд. теңгені құрады. Б.Қайратовтың сөзіне қарағанда, 2018 жылы 224 жұмыс орындарын ашу арқылы жалпы сомасы 10,5 млрд. теңге болатын 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Мамин:- АЭА қатысушы кәсіпорындар өз өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша барлық күшін жұмсауы тиіс деп атап көрсетті. Одан басқа, ол АЭА-на шетелдік инвесторларды тарту бойынша жұмыстарды жандандыруға тапсырма бере отырып, «осы мәселе Үкіметтің ерекше бақылауында тұрғанын» атап көрсетті.

2018-2020 жылдарға арналған Каспийдегі логистикалық инфрақұрылым жұмысының жоспары туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елюбаев баяндады.

Ол 2017 жылы Қазақстанның Каспий мультимодалдық торабы 5,5 млн. тоннадан артық жүк өңдегенін айтты. Шикі мұнай тасымалдау көлемі төмендеген кезде Каспийдегі жүк базасын әртараптандыру жұмысы ұсынылды, 2016 жылғы бас жүктер үлесінің 60%-на қарама қарсы 80%-ға арттырылды.

2018 жылы ауыстырып тиеу көлемі 10 млн. тоннаны құрады, құрғақ және паром жүктерін ауыстырып тиеу үлесі 80% мөлшерінде сақталады, ал 2020 жылға қарай 16,7 млн. тоннаны құрайтын болады. Бұл жерде 2018 жылы порттар арқылы контейнерлік жүк көлемін 35 мың ДФЭ, ал 2020 жылы – 300 мың ДФЭ деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда.

2017 жылы Құрық порты арқылы әртүрлі жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1,5 млн. тоннаға жетті. Үстіміздегі жылы осы көрсеткішті 4,5 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

ҚР Премьер – Министрінің Бірінші орынбасары «Каспийдегі логистикалық инфрақұрылым нысандары Транскаспий дәлізінің маңызды тізбегі болып табылады. Елбасы Н.Назарбаев транзиттік әлеуетті арттыру міндетін қойып отыр. Президенттің тапсырмасын орындау үшін заманауи логистикалық инфрақұрылым құрылатын болады. Бүгінгі күннің өзінде біз соның нәтижелерін көріп отырмыз, мысалы айтқанда Құрық порты ағымдағы жылы паром жүктерінің көлемін шамамен 3 есе арттыруды көздеп отыр»,- деп атап көрсетті.

Маңғыстау облысына сапары аясында А.Мамин Құрық портымен, шекаралық және кедендік инфрақұрылыммен, әлеуметтік нысандармен, сонымен бірге автокөлік техникаларын Кавказ өңірі, Ресей мен Түркияға ауыстырып тиеу үдерісімен танысты. Биылғы жылы жалпы алғанда 20 мың техника ауыстырып тиеуді қамтамасыз етуді, яғни өткен жылдың көрсеткіштерін екі есе өсіруді көздеп отыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз-мәслихатының материалдары бойынша.