Ақтау теңіз порты арқылы Қытай тоқыма өнімдерін тасымалдау жоспарлануда

Бүгін Ақтау портына Цзянсу провинциясының Чанжоу қаласы губернаторы орынбасарының басшылығымен қытай делегациясы келді. Шен Ицзюнь мырза атап өткендей, Чанчжоу қаласында дүниежүзінің әртүрлі елдеріне экспортқа жөнелтілетін тоқыма өнімдері көптеп өндіріледі, осы жерде тоқыма өнімдерін өндіретін жабдықтар шығаратын машина жасау кәсіпорындары да көптеп орналасқан.

ТМТМ аясында 2017 жылы, Шен мырза атап көрсеткендей, Ақтау порты арқылы бұрын да жүк жөнелтілген болатын, енді Қытай тарапының осы бағытты дамытуды жалғастыру ойлары бар. Осы мақсатта Маңғыстауға келіп, облыс басшыларымен кездесті және Ақтаудың болашағы зор екенін, өңірде халықаралық сауданы дамыту мақсатында көлік-логистикалық хаб құрудың бірегей мүмкіндіктері және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа қажетті барлық алғышарттың бар екенін атап көрсетті.

Шен мырза, 2018 жылы Чанжоу қаласы өз өнімдерін тікелей Ақтау порты арқылы экспорттау ойы бар екенін айтты, сондықтан жүкті сапалы және олар үшін жылдам ауыстырып тиеу кепілдігі мен жолға қойылған сервистің маңызы зор екеніне назар аударды. Болашақта олар Ақтауда жүктерді әртүрлі бағыттарға таратуға арналған өздерінің қойма базаларын салғысы келетінін қадап айтты.

Ақтау портының президенті Абай Турикпенбаев қытайлық делегацияға порттың жоғары сапалы қызмет көрсету арқылы қажетті көлемде контейнерлер тасымалдауға дайын екенідігін жеткізді. Қорытындылай келе тараптар естелік сыйлықтарымен алмасты. Абай Ногаевич порттың атынан «Маңғыстау» сурет альбомы кітабын сыйға тартты.