Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Ақтау портына келді

Ақтау портына 1 наурызда Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов бастаған делегация жұмыс сапарымен келді, қонақтардың ішінде «KAZLOGISTICS» Қазақстан Көлік қызметкерлері одағы Бас директорының орынбасары Канат Мукашев, «Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің ассоциациясының» директоры Николай Юдин, Маңғыстау облысының Индустриалдық-инновациялық басқармасының басшысы Нұрбек Карасаев және басқа тұлғалар болды.

Таныстыру экскурсиясынан кейін Ақтау портының президенті Абай Турикпенбаевпен кездесу өткізіліп, онда порттың ағымдағы жағдайы, алдағы жылдарға арналған міндеттер туралы әңгімеленді. “Ақтау порты бүгінгі күні өзінің болашағын контейнерлік жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жұмысымен байланыстырып отыр және осы қызмет түрін дамыту үшін барлық қажетті қадамдарды жүзеге асыратын болады»- деп атап көрсетті өз әңгімесінде А.Турикпенбаев.