Ақтау портының президенті Абай Турикпенбаев Қазақстан-Араб Әмірлігі бизнес-форумына қатысты

Ақтау портының президенті  Абай Турикпенбаев Маңғыстау облысының әкімі Е.Тугжанов басқарған бизнесмендер делегациясының құрамында Қазақстан-Араб Әмірлігі бизнес-форумына қатысты.

Форумда сөйлеген сөзінде А. Турикпенбаев қатысушыларды Қазақстаннның Каспийдегі теңіз инфрақұрылымының  мүмкіндіктерімен таныстырды. Каспий хабы инфрақұрылымын табысты өркендету құрғақ, паром және контейнерлік жүктер ағысын арттыруға арналған маңызды алғышарт болатынын атап көрсетті.

«Біздің бәсекелестік басымдылықтарымызды жасақтаудың басты  факторы Ақтау порты арқылы өтетін және тұтыну нарығындағы жүктерді жеткізу мерзімін мейлінше қысқартуға мүмкіндік беретін Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТМТМ) дамыту болып табылады»-деп атап көрсетті А. Турикпенбаев.

Сондай ақ, ол Қазақстаннның желілік теңіздегі контейнерлік тасымалдау, соның ішінде Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жүк ағымын барынша арттыруға қабілетті аз тоннаждық контейнерлерге арналған кемелерді тарту арқылы сервис жасау жобалары туралы әңгімелеп берді.