Порт жұмыскерлері мерекелік тимбилдингке қатысты

Наурыз мейрамының қарсаңында Ақтау портының жұмыскерлері теңіз жағалауында өткізілген тақырыптық тимбилдингке қатысты. Спорттық жарыстар мен байқауларға қатысып, көңілденген жұмыскерлер сегіз қанатты ақшаңқан киіз үйге жайылған мол дастархан басына жиналып, арнайы дайындалған ыстық палау мен сірнеден дәм татты.

Порт флотының жұмыскері Касымхан Берикбаев домбырамен мерекелік күй төксе, ағайынды Ильясовтар ұжымдастар үшін көңілді әндерін сыйлады. Жұмыстастардың барлығы Наурыз меркесіне арналған демалыс күндерін жақсы өткізу тілектерін білдіре отырып, өте жоғары көңіл-күймен үйлеріне тарасты.