ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ақтау портына түсіндіру бағдарламасымен келді

Бүгін Ақтау портына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ирина Унжакова, Бакытгуль Хаменова, Геннадий Шиповских, Тарас Хитуов және Ерлан Барлыбаевтар келді.

Олар порт жұмыскерлерімен кездесіп, өз сөздерінде Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары» атты халыққа жолдауын түсіндірді. Атап айтқанда, ипотекалық бағдарламаның жаңа талаптарымен таныстырды, халықтың аз қамтылған тобына салық жүктемесін төмендету принциптерін, шағын және орта бизнеске арналған шағын несиелеудің жаңа жүйесінің мәнін түсіндірді.

Порт қызметкері Ольга Акулова «Нұрлы жер» ипотекалық бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу кезінде туындаған қиыншылық жағдайларды шешуге көмек көрсетуін өтініп сөз сөйледі, ал депутаттар өз кезегінде мәселені жан-жақты қарауға уәде берді.