Ақтау портына Санкт-Петербург қаласынан делегация келді

Бүгін Маңғыстау облысымен танысу шарасының аясында Ақтау портына Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының бастауымен РФ Ленинград облысы  Заңнамалық жиналысы мүшелерінен құралған делегация келді.

Пайдалану жөніндегі вице-президенттің міндетін атқарушы Вадим Новиков қонақтарды порт айлақтарымен танысуға шақырып, Ақтау портының құрылу тарихы, терминалдарда жүргізіліп жатқан өндірістік үдерістер туралы әңгімелеп берді.  Ақтау портының президенті Абай Турикпенбаев кеңседе делегация мүшелерімен кездесу ұйымдастырып,  жиналғандарды порттың ағымдағы жұмыстарымен, жоспарларымен және болашағымен таныстырды, сұрақтарына жауап берді. Кездесуден соң қонақтар естелік сыйлықтармен алмасты. А. Турикпенбаев қонақтардың әрқайсысына «Маңғыстау» кітап-фотоальбомын тапсыра отырып, біздің бай да тамаша өлкеміз туралы жақсы ой-пікір қалыптастыруды тіледі.