Ақтау портында тарихта алғаш рет контейнерлерді фидерлік кемемен тасымалдау басталды

2018 жылғы 5 сәуірде «Әзірбайжан Каспий Кеме шаруашылығы» ЖАҚ («ӘККШ»ЖАҚ) тиесілі «Махмуд Рагимов» фидерлік кемесі Транскаспий Халықаралық Көлік Бағытында (Middle Corridor) тұрақты фидерлік контейнерлік қатынастарға қызмет көрсету мақсатында Ақтау теңіз портына (Қазақстан) келіп тоқтады.

Келесі күні Қазақстанда өндірілген бидай мен жасымық тиелген 70 дана жиырма футтық контейнерлерді (TEU) жүктеген соң кеме кері қарай жолға шықты.
Баку теңіз портына (Алят, Әзірбайжан) жеткен соң, аталмыш контейнерлер «Әзірбайжан темір жолы» ЖАҚ («ӘТЖ» ЖАҚ) және «Грузия темір жолы» АҚ («ГТЖ» АҚ) тиесілі фитингтік платформаларға ауыстырылып тиеліп, одан әрі қарай 2017 жылы ашылған Баку – Тбилиси – Карс темір жол қатынасы бойынша түріктің Мерсин портына бағыт алатын болады.

Бұл Ақтау теңіз портына кіру арқылы тарихтағы ең алғашқы Қазақстаннан фидерлік кемемен контейнерлерді экспортқа тасымалдау болып табылады. Бүгінгі күнге дейін «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ («АХТСП»ҰК» АҚ) бас жүктерге (астық, металл және т.б.) арналған құрғақ жүк кемелеріне қызмет көрсетіп, сонымен бірге Баку (Алят) теңіз портымен арада қатынайтын паромдарды өңдеп келді.

Аталмыш теңіз қатынасын дамыту жоспарына сәйкес Ақтау және Баку (Алят) порттарындағы кемені өңдеу уақыты 24 сағаттан аспайды, ал Ақтау теңіз портынан Баку (Алят) портына дейін көнтейнерлерді жеткізу уақыты – 36 сағатты құрайды.

Болашақта Баку-Ақтау теңіз порттарына дейін және кері қарай фидерлік кеме қатынасын кесте бойынша апта сайын жүргізу көзделуде. Сонымен, Ақтау теңіз портынан келесі кеме 2018 жылғы 11 сәуірде жөнелтілетін болады. Одан басқа, қазақстандық экспорттық жүктермен қатар, келесі контейнерлер партиясымен Транскаспий Халықаралық Көлік Бағыты (Middle Corridor) бойынша Қытайдан Италияға томат пастасы сияқты транзиттік жүктер тасымалданатын болады.

«Осы уақыттан бастап Ақтау теңіз порты Транскаспий Халықаралық Көлік Бағытында (Middle Corridor) қатыстары отырып, Каспий теңізінде тұрақты контейнерлік сервисті дамытуға күш салатын болады және бұл біздің компаниямыз үшін жаңа бизнес түрі болып табылады. Осының бәрі «Транскаспий Халықаралық Көлік Бағыты» (Middle Corridor) Халықаралық ассоциациясы құрылтайшылары – Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Каспий Теңіз Кеме шаруашылығы, Баку портының теңіз әкімшілігі басшыларының жеке қолдауына байланысты жүзеге асып отыр. Оған бүгінгі кеменің келіп, табысты жөнелтілуінің өзі куә болып отыр. Біз портта фидерлік кемлер санының арта түсетініне сенімдіміз»,- деп атап көрсетті «АХТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) Абай Турикпенбаев.

Алғашқы фидерлік кемені суға түсірудің ресми салтанатына сондай ақ «ТМТМ» халықаралық ассоциациясының Бас хатшысы Рахметолла Кудайбергенов қатысып, Каспий теңізінде тұрақты фидерлік кеме қатынасын іске қосу аймақтағы жүк ағымын контейнерлік тасымалдауды дамытудағы жаңа кезеңнің бастауы болады және жалпы алғанда ТМТМ (Middle Corridor) өткізу қабілетінің артуына жағдай жасайды,- деп атап көрсетті. Сондай ақ, ағымдағы жылдың мамыр айында екінші фидерлік кемені іске қосу жоспарлануда екендігін хабарлады.

«ТРАНСКАСПИЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК ДӘЛІЗІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫ» ЗТҰ