Ақтау портына Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің делегациясы келді

Бүгін Ақтау портына Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Йоханес Стенбек Мэдсен және  Снежан Попов бастаған делегациясы, сонымен бірге Жібек Ахметова бастаған Маңғыстау облыстық «Азаматтық альянс» Заңды тұлғалар бірлестігінің қызметкерлері танысу мақсатындағы сапармен келді.

Маркетинг бөлімінің қызметкерлері жүк айлақтарымен таныстырып, порттың тарихы, дамуы туралы әңгімелеп, кемелерге жүктерді тиеу жұмыстарын көрсетті.

Мэдсен мырза қонақжайлылықпен қарсы алғаны үшін Ақтау портының басшылығына алғыс білдірді.