Вена Экономика палатасының өкілдері Ақтау портына келді

12-14 маусымда Вена Экономика палатасы директорының орынбасары Александр Биах басқарған австриялық делегация «Жаңа жібек жолы» халықаралық көлік бағытын зерттеу аясында Қазақстан Республикасына келді.

Вена экономика палатасы өкілдері, Австрияның Қазақстандағы елшісі Герхард Сайллер, австриялық теміржол және Rail Cargo Австрия ірі австриялық провайдер топ-менеджменті, сонымен бірге жетекші австриялық БАҚ журналистері «Хоргос-Шығыс қақпалар»АЭА Құрғақ порты, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ, «Құрық» порты және «Солтүстік терминалдарда» танысу мақсатындағы сапарда болды.

Александр Биах Ақтау порты басшыларымен кездесуде атап айтқандай Австрия әртүрлі өнеркәсіптік тауарлардың ірі еуропалық өндірушілерінің бірі бола отырып, Еуропаға дейінгі жолды барынша қысқартуға қабілетті бағыттарды пайдалануға аса қызығушылық танытып отыр.

Биах мырза Ақтау портын жақсы жабдықталған, жаңа экономикалық жағдайда жұмыс істеуге дайын порт деп есептейді және «Жаңа Жібек жолының» негізі болған Транскапий Халықаралық Көлік Бағытын дамыту жолындағы өзара тиімді жемісті одан әрі ынтымақтастықта болатынына сенімді.

Порт президенті Абай Турикпенбаев портта жұмыс істеп тұрған крандардың Австрияда жасалғанын жымия отырып атап кетті. Кезесу соңында ол қонақтарға назар аударғандары үшін алғыс білдіріп, Александр Биах пен Герхард Сайлерге «Маңғыстау» естелік кітабын ұсынды.