DP World компаниясының субконтиненті бойынша Бас басқарушы директоры Актау портына келді

Бүгін Ақтау портына Қазақстан мен Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында DP World компаниясының субконтиненті бойынша (Үндістен, Пәкістан, Қазақстан) Бас басқарушы директоры Ризван Сумар мырза келіп, өндірістік аумақтарды қарады, порт президенті Абай Турикпенбаевпен және бөлімше басшыларымен кездесті.

Сумар мырза хабарлағандай, ол осы қызметті жарты жылдан бері атқаруда, сондықтан ол Ақтау портына алғаш рет келіп отыр. Ол осы жерде жұмыс істеп жатқан DPW командасы мен порт басшыларының бірлескен әрекеттері жақсы нәтижелер бергеніне сенімді. «Бүгінгі күні Ақтау порты стандарттарға сәйкес келеді және жоспарлы түрде келешекте алдыңғы қатарлы халықаралық көлік бағыттарында жүктерді сапалы тасымалдауды қамтамасыз етуді дамыта беретін болады» -, деп атап көрсетті Ризван Сумар мырза.

2013 жылдан бастап DP World компаниясы Ақтау теңіз портына жүктерді өңдеу бойынша барлық үдерістер және жалпы терминалды басқару бойынша қажетті консультативтік және басқарушылық көмек көрсетіп келеді.