Ақтау портында теолог профилактикалық шара өткізді

Діни экстремизмднің алдын алу мақсатында 26 маусымда Ақтау порты қызметкерлері үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасынан шақырылған теолог Бағдәулет Омардың қатысуымен оқу-алдын алу шарасы өткізілді.

Профилактикалық әңгімелесу түрінде теолог маман қызметкерлерге радикалық көңіл-күйдегі діни топтардың, олардың идеологиясының ықтимал қауіптілігін, сыртқы белгілері мен айырмашылық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Ақтау портының қызметкерлеріне Қазақстан аумағындағы діни экстремизмнің көріністері және діни сипаттағы радикалдық идеяларды насихаттаушылардың әсеріне түсіп қалмау жолдары туралы құжаттамалық фильм көрсетті.

Багдаулет Омар аталған секталар азаматтардың діни жағынан хабарсыздығын және ұзақ уақыт бойы күйзелісте жүрген немесе жиі отбасылық проблемалары бар адамдардың тұрақсыз психологиялық жағдайларын қасақана пайдаланатынын атап өтті. Өйткені осындай жағдайда адам көңіл-күй жағынан әлсіз болып, сыртқы әсерлерге тез берілгіш болады.

Аталмыш шара сыртқы қауіпсіздік бойынша бас маманы Р.Айнабековтың басшылығымен өткізілді.