Алматыда Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Middle Corridor) тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

2018 жылғы 21-22 маусымда Алматы қаласында (Қазақстан) «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» Халықаралық ассоциациясы» ЗТБ жұмысшы тобының кезектен тыс жылжымалы отырысы өткізілді.

Отырыс барысында ТМТМ (Middle Corridor) бағытының тиімділігін арттыру, атап айтқанда бағыттың (Каспий теңізі) теңіз учаскесі бойынша жүк тасымалын дамыту, сонымен қатар ТМТМ (Middle Corridor) бойынша тарифтік мөлшерлемелерді және жүктерді жеткізу мерзімін оңтайландыруға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ТМТМ (Middle Corridor) дамыту жөніндегі жұмыс тобының шешімімен ТМТМ (Middle Corridor) жеке учаскелерінде жүктерді жеткізу мерзімдері, ТМТМ (Middle Corridor) бойынша контейнерлер тасымалдауды ұйымдастыру кезінде өзара әрекет ету регламенті келісіліп, сонымен бірге Қытай-Түркия/Еуропа елдері және ТМТМ (Middle Corridor) бағыты бойынша кері бағытта контейнерлік тасымалдаудың тарифтік мөлшерлемелерінің әрекетін ұзартты. Жұмыс тобының қатысушылары ТМТМ (Middle Corridor) бойынша 2018 жылдың 5 айындағы тасымалдау көлемі мен Ассоциацияның жұмысы туралы есеп тыңдалды, атап айтқанда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бағыт бойынша тасымалдаудың жалпы көлемінің 10%-ға артқаны атап көрсетілді.

Одан басқа, жұмыс тобының отырысы аяқталған соң 2018 жылғы 23 маусымда отырысқа қатысушылар «Хоргос-Шығыс қақпалар» АЭА, Алтынкөл теміржол шекара станциясы, «KTZE – Khorgos GateWay» Құрғақ порты және «Хоргос»ХОШҚ нысандарына жоспарлы техникалық сапар жасады, сапар барысында жұмыс тобының мүшелері «Хоргос-Шығыс қақпалар» АЭА және Алтынкөл теміржол шекара станциясы нысандарының инфрақұрылымдық мүмкіндіктері туралы өзекті ақпараттарды алға тартты.