Ақтау портында құтқару жаттығуы өткізілді

2018 жылғы 29 маусымда Ақтау портында «Порт кранында жарақаттанушыны құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу» тақырыбында.

Жаттығулар барысында оқу жаттығуларына арналған қолдан жасалған жарылыс құрылғысы табылды. Сирена дауысын естіген порт жұмыскерлері ғимараттар мен құрылыстарды тастап шығып, қатарға тұру жазбасы бойынша қызметкерлердің болуын тексерген соң олар қауіпсіз орындарға көшірілді. Жарылғыш құрылғы зарарсыздандырылды.

Іс-шара аяқталған соң порт бөлімшелерінің басшыларына жаттығу қорытындылары хабарланды, кәсіпорындағы террористік жағдайдың алдын алу бойынша кеңестер берілді. ТҚК және мемлекеттік органдардың бақылаушылары оқу-жаттығулары барысындағы порт қызметкерлерінің реттелген және өзара шұғыл әрекет етуін ерекше атап өтті.

Жаттығуларды Ақтау теңіз портының сыртқы қауіпсіздік бойынша бас маманы Р.Айнабеков басқарды.