Швейцарияның Экономика министрі Ақтау портына сапармен келді

Бүгін Маңғыстау облысына ресми сапарының аясында Ақтау портына Швейцарияның экономика министрі Йоханн Шнайдер-Амманн бастаған делегация келді.

Делегация құрамында Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Урс Шмид, Швейцария Парламенті жоғары палатысының сенаторы Дамиан Мюллери, контондар мэрлері, ірі швейцариялық компаниялардың өкілдері болды. Қонақтарды ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев, «Теңіз порты-Ақтау» АЭА» АҚ басқарма төрағасы Байыржан Қайратов, «Қазақстанның сыртқы-сауда палатасының» төрағасы Аян Еренов, «ҚТЖ-Експресс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нурлан Игембаев және басқа ресми тұлғалар бастап алып келді.

Порт президенті Абай Турикпенбаев қонақтар үшін таныстур экскурсиясын өткізіп, кәсіпорынды дамытудың келешектері туралы әңгімелеп берді. Кездесу барысында Қазақстан мен Швейцарияның энергетика және логистика салаларындағы өзара әрекет ету мүмкіндіктері туралы мәселелер талқыланды.

Йоханн Шнайдер-Амманн бұдан ертеректе вице-президенттің міндетін атқарған және Швейцарияның президенті ретінде тағайындалған. Қазіргі кезде Йоханн Шнайдер-Амманн Швейцария Федералдық кеңесінің (жоғары атқарушы орган) 7 мүшесінің бірі болып табылады.