Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы елшісі Ақтау портына келіп кетті

Бүгін Ақтау портына Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше Өкілетті Елшісі Комеков Тойлы Бабаевич басшылық еткен дипломатиялық делегацияның ресми сапары өтті. Дипломатиялық делегация құрамында атташе Перманов Эльдар Бекмырадович және хатшы-аудармашы Алдабергенова Рая Бухарбаевна қатысты.

Порт президенті Абай Турикпенбаев қонақтар үшін экскурсия өткізіп, оларды порттың қызметімен таныстырды. Сапар кезінде крандардың өндірістік қуаттары көрсетілді және Қазақстан мен Түркіменстан порттары арасындағы жүк айналымын ұлғайтудың келешегі талқыланды.

Дипломаттармен кездесудің соңында Абай Ногаевич қонақтарға “Маңғыстау” кәдесый кітаптарын сыйлап, қонақтарды 2018 жылғы тамыз айында Ақтау қаласында өтетін Каспий маңы мемлекеттерінің форумына қатысуға шақырды.