Францияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Ақтау портына келіп кетті

Бүгін Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэнің Ақтау портына дипломатиялық сапары өтті. Делегацияның құрамында қорғаныс жөніндегі атташе полковник Стефан Самаран, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кеңесші Марк Еверс мырза және басқа да ресми тұлғалар келді. Қонақтарды порт президенті Абай Турикпенбаев, бірінші вице-президент Мехта Назбан, пайдалану жөніндегі вице-президент Вячеслав Хартян, коммерциялық және әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы Мартин Воетман қарсы алды.

Танысу экскурсиясы барысында порттың жүкті ауыстырып тиеу қуаты, астық терминалының және мұнай құю айлақтарының өндірістік мүмкіндіктері көрсетілді. Елшінің хабарлауынша, сапардың басты мақсаты Ақтау порты мен Францияның ірі порттарының арасындағы ықтимал контейнерлік маршруттарды жолға қою болған.

Кездесу соңында Мартинэ мырза ұйымдастырылған қабылдау үшін порт басшылығына алғыс білдірді.