Швейцариялық контейнерлік компания Ақтау портында болып кетті

Бүгін Mediterranean Shipping Company компаниясының Түркия және Грузия елдерінің өңірлік басшылары тұлғасындағы өкілдері Ақтау портына келіп кетті.

Ресми кездесу порттың конференц-залында басталып, онда кәсіпорын қызметінің аспектілері, транзиттік жүктерді кедендік рәсімдеу және контейнерлерді сақтауға арналған алаңшалар талқыланды.

Сапар өндірістік экскурсияға жалғасты. Қонақтарға айлақтық белдеу инфрақұрылымы, астық сүрлемдері және уақытша сақтауға арналған жабық қоймалар көрсетілді.

MSC компаниясы теңізбен контейнерлік тасымалдау саласындағы ірі ойыншылардың бірі болып табылады және Женевадан негіз алады. MSC Ақтау портының өз өкілдіктерімен көліктік қарым-қатынаста болуына үлкен қызығушылық танытты.