«TransKazakhstan-Translogistica» көрмесі ашылды

Бүгін Алматыда дәстүрлі «TransKazakhstan-Translogistica» көрмесі өз жұмысын бастады. Ақтау порты да көрмеге қатысып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобында бөлек стендте таныстырылды.

Көрменің негізгі тақырыбы: «Қазақстан Республикасы көлік-логистикалық кешенінің қызмет көрсету тиімділігі мен дамуын жетілдіру жолдары: жаңа тәсілдемелер мен шешімдер».