Ақтау порты диспетчерлік қызметтің еңбек сіңірген қызметкерін зейнетке шығарып салды

Бүгін Ақтау портына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Михаил Черков және «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нури Тумышев жұмыстық сапармен келді.

Бұл күні портшылар порттың еңбек сіңірген қызметкері – диспетчер Сергей Николаевич Олейникті зейнетке шығарып салуда еді. Қонақтар біздің қызметтестердің тілектеріне қосылып, порттың ең жауапты учәскесі – диспетчерлік қызметтегі ұзақ та жемісті жылдары үшін алғыстарын білдірді және Сергей Николаевич пен оның отбасына денсаулық, амандық тіледі.