Ақтау портына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің делегациясы келіп кетті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 13-отырысының өткізілуі аясында Ақтау портына ресми тұлғалар делегациясы келіп кетті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары С.Н. Громов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Ж.М. Нұрғалиев, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі М.М. Бортник, қаржы және бюджет комитетінің мүшелері Г.И.Дюсембаев пен Б.А. Чельпеков және басқа да ресми тұлғалар порт айлақтарында, астық терминалы аумағында болды. Порт президенті А.Н. Түрікпенбаев қонақтарға өндірістік көрсеткіштер және жүктерді ауыстырып тиеу, Ақтау портының жоспарлары мен даму перспективалары туралы әңгімелеп берді.