Ақтау порты «TransUzbekistan – 2018» көрмесінде

Бүгін Өзбекстанның астанасы Ташкентте 15-мерейтойлық «TransUzbekistan – 2018» Халықаралық көрмесі ашылды. Ақтау порты көрмеде өз стендімен таныстырылып, алғашқы күннен бастап келушілердің назарын аударуда. Маркетинг және сату бөлімінің маманы Әнуар Немышев қонақтарды порттың Каспий арқылы өтетін жаңа халықаралық маршруттардың қарқынды дамуы жағдайындағы мүмкіндіктерімен таныстыруда.