Ақтау порты бүкілхалықтық online диктантқа қатысты

Бүгін порт жұмыскерлері латын графикасын қолдана отырып қазақстандық бүкілхалықтық диктант өткізу жөніндегі мемлекеттік іс-шараға қолдау көрсетті. Порт кеңсесінің конференц-залында барлық дерлік өндірістік бөлімшеден өкілдер жиналды.

Оnline трансляцияның көмегімен мәтін тыңдалып, диктант жазу жарты сағат шамасына созылды. Барлық қатысушы тапсырманы тамаша орындады. Олар: кадр жөніндегі маман Жұмагүл Қойланова; құжат айналымы функционалдық бағытының бас менеджері Гүлжан Мұсағитова; кадр жөніндегі маман Алуа Сүлейменова; біріктірілген менеджмент жүйесі функционалдық бағытының бас менеджері Ғалия Шынжырова; біріктірілген менеджмент жүйесі функционалдық бағытының маманы Ылыхан Ходжаева; жабдықтау және шарттарды мониторингтеу функционалдық бағытының маманы Әлия Жұбай; тілдік, визалық қолдау, тапсырмаларды бақылау функционалдық бағытының маманы Айжан Аманқосқызы; құжат айналымы функционалдық бағытының құжат жүргізушісі Тазагүл Бекжан; біріктірілген менеджмент жүйесі функционалдық бағытының маманы Сәулет Жусупова; теңізде жүзу қауіпсіздігі және флотты пайдалану қызметінің маманы Анар Байтиева; бухгалтер Салтанат Қараева; маркетинг және сату бөлімінің жетекші маманы Алтын Тлепова.