Ақтау портында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні атап өтілді

Ақтау портында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жұмыскерлерге Республиканың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді.

Пайдалану жөніндегі вице-президент В. Хартян жиналғандарды мерекемен құттықтап, ведомстволық марапаттар:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі атынан: Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі маман М. Әкімбаевқа Құрмет грамотасын; Портты механикаландыру қызметінің гараж сілесірі В. Рыбальченкоға Алғыс хат;

«ҚТЖ» ҰК» АҚ атынан: Жүк тиеу-түсіру кешенінің шебері Ш. Мусаевқа «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін; Диспетчерлеу және жоспарлау қызметінің порт диспетчері Р. Моисеенкоға Құрмет граматосын; Жүк тиеу-түсіру кешенінің докер-механизаторы С. Еламановқа Алғыс хат;

«Kazlogistics» Қазақстан көлікшілері одағы атынан: Біріккен менеджмент жүйесі функционалдық бағытының маманы Ы. Ходжаеваға Құрмет грамотасын; Портты механикаландыру қызметі шеберханаларының 6-разрядты сілесірі В. Глазковқа Алғыс хат;

«Порт ардагері» куәлігін: Коммерциялық жұмыстар бөлімінің бастығы Н. Ярошенкоға, Порт флоты «Батыр» сүйреткіш-итергішінің капитаны А. Уразалинге, Портты механикаландыру қызметінің ауысым механигі В. Пивненкоға табыстады.