Ақтау портының қызметкерлері дүлей апат туындаған жағдайда жасайтын әрекеттерге оқытудан өтті.

Бүгін, «Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқытуды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру нұсқауларын орындау мақсатында Ақтау теңіз сауда портында «Көктем тасқын кезеңінде төтенше жағдай туындаған кезде Ақтау халқы мен порт қызметкерлерінің жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбына тактикалық-арнаулы жаттығулар өткізілді.

Жаттығу барысында Ақтау портының барлық қызметкерлері мен азаматтық қорғау және эвакуациялық комиссия ерікті құрамаларының жеке құрамы іске қосылды.