Ақтау порты әйелдер ұжымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Бүгін Ақтау портының ерлер ұжымы әйелдерді әсем көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Ақтау портының Президенті Абай Түрікпенбаев іс-шараны ашып, аяулы әйелдерге алғыс сөздерін білдірді.

Құттықтау әдеттегідей Ильясовтар ағайындыларының музыкалық өнер көрсетуімен аяқталды.