Ақтау портына Эстония Республикасынан делегация келді.

Бүгін, Қазақстан Республикасындағы Эстония Республикасы елшілігінің өкілдері Tal Tech университетінің ғылыми қызметкерлері және бизнес өкілдерімен бірге Ақтау портына ресми сапармен келді.

Қонақтар өндірістік экскурсияда болып, кәсіпорын басшылығымен кездесті. Сапар барысында Қазақстан және Эстония арасында логистика бизнесін екіжақты дамыту болашағы, сонымен қатар өңірдегі негізгі көлік үрдістері талқыланды.