«The Economist» журналының тілшісі Ақтау порты президентінен сұбхат алды

Бүгін «Бір белдеу – Бір жол» жобасы бойынша материалдар дайындау аясында Ақтау портына «The Economist» әлемге әйгілі британдық апта сайынғы журнал тілшісі Доминик Зинглер келді.

Оның қасында Қазақстан Республикасы СІМ өкілі Нұржан Айтманов болды. Ақтау портының президенті Абай Түрікпенбаев басылымға берген сұхбатында журналистке порт мүмкіншіліктері, соның ішінде транзиттік контейнерлік тасымалдауды жүзеге асыруға оның әлеуетін қайта бағыттау аясындағы мүмкіншіліктері туралы айтып берді және де коммерция бойынша басқарушы Мартин Воетманмен бірге айлақтар бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді.