Ақтау порты ветеранды құттықтады

Бүгін, Ақтау порты қызметкерлері мен кәсіби одақ өкілдері Ұлы Отан соғыс ардагері Қайры Хыдырбаевты Жеңіс күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Қайры ағаның 97 жаста, ол үлкен тату отбасында ұлы, немерелері және шөберелерімен тұрғандықтан, арнайы тапсырыспен дайындалған үлкен әдемі торт мерекелік отбасы дастарханына өте орынды болды.