Транзиттік контейнерлік жүктің Өзбекстанға бірінші жіберілуі

в порту Актау, в рамках перспективного проекта, состоялась первая отправка транзитного контейнерного груза в Узбекистан

Бүгін, Ақтау портында келешекті жоба аясында Өзбекстанға транзиттік контейнерлік жүктің алғашқы жіберілуі өтті. 20 жиырма футтық контейнер орналасқан он фитингтік платформалар «Узбекистан Темир Йуллари» АҚ-на тиесілі Ташкент-Ақтау-Ташкент бағдарлық пойызбен Ташкентке жөнелтілді.

4 сәуірде Алматы қаласында Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша жүк тасымалдауды әрі қарай дамыту мәселелері жөнінде Қазақстан, Қытай, Иран, Түрікменстан және Өзбекстан теміржол әкімшілігі өкілдерінің кездесуі өтті.