Ақтау туыстас порттар Түркі кеңесінің үшінші мәжілісі өтті

Бүгін Ақтау портына Цзянсу провинциясы (ҚХР) Ляньюньган қаласынан қала әкімі Фан Вэй мырза басшылығымен ірі іскерлік делегация келді. Онық құрамында Халық үкіметінің мүшелері, Ляньюньган порты басқармасының төрағасы Дин Жуй мырза, порт өкілдері, «Ляньюньган қаласының қытайлық-қазақстандық халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШҚ бас директоры Лю Бинь мырза және басқа да ресми тұлғалар болды.

Өз сөзінде Фан Вэй мырза айтқандай, Қытай Ақтау портының ыңғайлы орналасуын, сонымен қатар Транскаспий Халықаралық Көлік Бағдарына (ТХКБ) маңызды тиістілігін ескере отырып ынтымақтастыққа қызығушылығын білдірді. Қазірден бастап Ляньюньган портынан Ақтау порты арқылы еуропа елдеріне контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеуді ұйымдастыру бойынша маңызды ниеті болып, осы бағытта белгілі дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Ақтау портында қытайлық жүктерді әртүрлі бағытта үлестіру үшін аялдау базасын құру мүмкіндігі қаралуда, ол үшін барлық жағдайлар бар.

Ақтау порты президенті Абай Түрікпенбаев ынтымақтастыққа толық дайындығын білдірді.
Қонақтарға порт аумағы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізіп, оның мүмкіндіктерін көрнекі көрсетті.