«Каспий порттары және кеме қатынас -2019» 1-халықаралық көрме және конференция жұмысын бастады

Начала работу 1-я Международная выставка и конференция «Каспийские порты и судоходство – 2019»

Бүгін Ақтау қаласында Каспиан Ривьера Гранд палас мейманханасында «Каспий порттары және кеме қатынас -2019» 1-Халықаралық көрме және конференция жұмысын бастады. 30-дан аса көлік-логистикалық компаниялар өкілдері, әлемнің он бес елінен үш жүзге жуық қатысушылар Азия және Еуропа арасындағы сауда жолдарын дамыту және арттыруға бағытталған шешімдер іздеу және талқылау үшін жиналды.

Олардың ішінде: ҚХР, Австрия, Италия, Эстония, Румыния, Украина, Польша, Грузия, Әзірбайжан, сонымен қатар белсенді дамып жатқан жаңа және экономикалық тиімді Транскаспий Халықаралық Көлік Бағдарына қызығушылық білдірген басқа да порт мемлекеттері.

Көрме ұйымдастырушылары: «Транспорт Эвентс Менеджмент Лтд» халықаралық агенттігі мен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ. Ресми стратегиялық серіктесі – «Транскаспий Халықаралық Көлік Дәлізі» Халықаралық қауымдастығы.

Көрменің ресми ашылуында алғы сөзбен: Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тұғжанов, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қайриден Нүркенов, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы (Президент) Абай Түрікпенбаев, «Транскаспий Халықаралық Көлік Дәлізі» ХҚ бас хатшысы Рахметолла Құдайбергенов және басқа да ресми тұлғалар шықты.

Конференцияның «Әлем нарығы мен халықаралық логистика. Азия және Еуропа арасында сауда жолдарын арттыру және дамыту» сессиясына «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ логистика жөнінде Басқарма төрағасы Павел Соколов қатысып, сөз айтты. «Біз Қазақстан арқылы өтетін көлік дәліздері бойынша Қытайдан Еуропаға және кейін қарай жүктерді жеткізудің көптеген нұсқаларын ұсына аламыз», -деді Павел Соколов және негізгі бағдарларға назар аударғызды.