Ақтау портына Қытайдан делегация келді

Бүгін Ақтау портына Цзянсу (ҚХР) провинциясының Ляньюньган қаласы мэры Фан Вэй мырзаның басшылығымен делегация келді. Оның құрамында Халық үкіметінің мүшелері, Ляньюньган портының басқарма төрағасы Дин Жуй мырза, порт өкілдері, «Ляньюньган қаласының қытайлық-қазақстандық халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШҚ бас директоры Лю Бинь мырза және басқа да ресми тұлғалар.

Өз сөзінде Фан Вэй мырза айтқандай, Қытай Ақтау портымен тиімді орналасуын, сонымен қатар Транскаспий Халықаралық Көлік Бағдарына (ТХКБ) маңызды тиістілігін есепке ала отырып, портпен ынтамқтаст болуға өте мүдделі екенін айтты. Қазіргі таңда Ляньюньган портынан Ақтау порты арқылы еуропа елдеріне контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеуді ұйымдастыру бойынша маңызды ниеттер бар және сол бағытта белгілі дайындық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Ақтау портында әртүрлі бағыттарға қытйлық жүктер жеткізуді тарату үшін Ақтау портында аялдау базасын құру мүмкіндігі қаралуда.

Порт президенті Абай Түрікпенбаев ынтымақтастыққа толық дайындылығын білдірді.
Қонақтарға порт аумағы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізіп, оның мүмкіндіктерін көрнекі көрсетті.