Дүниежүзілік контейнер тасымалдаушысы MSC Ақтау порты арқылы тестілік ауыстырып тиеуді бастады

2019 жылғы 18 мамырда үнемі әрекет ететін фидерлік кеме Бакудан Ақтау портына әлемдегі ең ірі теңіз контейнерлік тасымалдаушы MSC компаниясының бірінші тестілік контейнерлерін жеткізді.

Бұл оқиға перспективті және жемісті ынтымақтастықтың басын растау болып табылды. DP World компаниясының өкілі, Ақтау портының коммерция бойынша басқарушысы Мартин Воетман бұл порт мүмкіншіліктерін котейнерлік тасымалдау арнасына қайта бағдарлауына бағытталған бірлескен күш салудың маңызды нәтижесі екенін атап кетті.
Жақын келешекте порт арқылы ауыстырып тиелетін MSC компаниясының контейнерлер саны жылына 10 мыңға дейін өсуі мүмкін.

Қазіргі кезде Ақтау портының мүмкіншіліктері 40 мың контейнерге дейін қабылдауға және өңдеуге мүмкіндік береді, алайда стратегиялық мәселелер одан едәуір жоғары – шамамен 100 мың. Сондай жағдайларда өз контейнерлер паркі бар ірі әлемдік компанияны ынтымақтастыққа тарту порттың контейнеплік жүктерді ауыстырып тиеу көлемдерін арттыруға және өз өндірістік мүмкіндіктерін халықаралық стандарттарға сәйкестігін растауға жақсы мүмкіндіктер береді.