Ақтау портында ТХКБ дамыту бойынша Жұмыс тобының отырысы өтті

Бүгін Ақтау қаласында (Қазақстан) «Транскаспий халықаралық көлік бағдарын» (ТХКБ) дамыту бойынша Жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыруға қатысты жұмыс мәселелерімен қатар «Батыс-Шығыс» бағытына контейнерлерді тасымалдауға арнайы тарифтік шарттар жете қаралды, сонымен қатар Каспий теңізінің порттары (Ақтау, Баку (Алят) арасында фидерлік кемелердің қатысуымен тікелей халықаралық теміржол-су қатынасымен контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыру туралы Келісімді келісу жүргізілді.