Маңғыстау ұлутасының бірінші партиясы «Баутино» ЖА-нан Ресейге жіберілді

Бүгін, Түпқараған ауданында орналасқан Ақтау портының «Баутино» жүк ауданында Ресейге Астрахан қаласына маңғыстаулық ұлутасты теңіз бойынша ауыстырып тиеу қайта басталды.

На регулярной основе, два раза в месяц, грузовое судно «Волго-Балт 216», будет осуществлять перевозку этого уникального строительного материала, добываемого в карьере «Саура». Российская транспортно-экспедиторская компания ООО «Волга-СНАБ» — крупнейшее предприятие в сфере международных транспортно-логистических перевозок, и флот, принадлежащий судоходной компании ООО «ТОРГОВЫЙ ДОМ «КАСПИЙСКИЙ» начали в этом году закупку и перевозку по Каспию камня-ракушечника в г. Астрахань.

Тұрақты негізде айына екі рет «Каспийский» Сауда Үйі» ЖШҚ астрахандық кеме қатынас компаниясының «Волго-Балт-2016» жүк кемесі «Саура» карьерінен шығарылатын бірегей құрылыс материалын тасымалдауды жүзеге асырады. «Волга-СНАБ» ЖШҚ ресейлік көлік-экспедиторлық компаниясы – халықаралық көлік-логистикалық тасымалдау саласындағы ең ірі кәсіпорын осы жылы Каспий бойынша осы бірегей материалды Астрахан қаласына тасымалдауды бастады. Қазақстандық тастың бірінші 2500 тонна жөнелтуге «Волга-СНАБ» ЖШҚ бас директорының орынбасары Михаил Базелюк, компанияның коммерциялық директоры Надежда Староверова, Ақтау портының президенті Абай Турікпенбаев және «Баутино» ЖА бастығы Мырзабек Сақтағанов қатысты. Порт президенті А.Н. Түрікпенбаев Каспий бойынша халықаралық теңіз жүк тасымалдау келешектері мен мүмкіндіктерінің күн сайын өсіп жатқанын ескере отырып, бұл оқиға Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қатынасын дамытуға өз үлесін қосуды бейімді деп есептейді. Соңғы рет ұлутасты Баутинодан 1992 жылы теңізбен жіберген, негізінде бұл бірегей табиғи құрылыс материалы теміржол бойынша тасымалданған.

Маңғыстауда ұлутасты 60-жылдарда өндіріп бастаған, содан бері осы құрылыс материалы үлкен сұранысқа ие. Ерте уақытта қазір ұлутас өндіріп жатқан аумақтарда теңіз болған. Табиғи жағдайлар әсерінен тастар қалдықтары, қабыршақтары мен сынықтары ғасырлар бойы нығыздалып, соның нәтижесінде берік құрылыс материалы пайда болған. Ұлутастың өз микроқұрылымында кең дамыған ауа толған, капиллярлық жүйесі бар. Соның арқасында тастың жоғары шу басатын қасиеттері және минималды жылу өткізгіштігі болғандықтан, құны қымбат энергия ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Тастың төзімділігі қайран қалдырарлықтай: Лондон төңірегінде ұлутастан салынған жекежай бірнеше ғасырдан бері тұр, ал Дағыстанда 5000 жылдан астам уақыт қабырғалары осы тастан салынған бекініс бар.