Жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бакирович Атамкулов келді

Бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бакирович Атамкулов келді.

Сапар аясында Ақтау портының бүгінгі жағдайы мен болашақ дамуы жөніндегі ақпаратпен “АТСП”ҰК” АҚ Басқарма төрағасы (Президент) А.Н.Турикпенбаев таныстырды.

Салалықминистрліктің басшысы қазақстандық порт инфрақұрылымы мен флотының қарыштап дамуының және де ұлттық компанияның табысын арттырудың маңыздылығын атап өтті.