Контейнерлердегі мыс катодтарының сынақ партиясы Түркияға келіп жетті

2021 жылдың 29 қаңтарында контейнерлердегі мыс катодтарының алғашқы сынақ партиясы Түркияға келді. Тасымалдау клиенттерге өз жүктерін соңғы межелі нүктелеріне тасымалдау тәсілдерін өзгертуге мүмкіндік беретін Ақтау портының жаңа сервисін пайдалану арқылы жүзеге асырылды.

“АТСП “ҰК” АҚ Басқарма Төрағасы Абай Түрікпенбаев: “Мұндай мультимодальдық тасымалдар (вагондардан контейнерлерге ауыстырып салу) біздің Орталық Азия елдері үшін контейнерлік ХАБқа айналу жөніндегі стратегиямызды жоспарлы іске асырудың нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, нарық Ақтау портын олардың жүктері үшін ХАБ ретінде пайдалану баламалы маршруттармен салыстырғанда бағасы бойынша экономикалық тиімді және бәсекеге қабілетті болып табылатынын түсінді. Логистикадағы заманауи үрдістер ашық, тиімді және бәсекеге қабілетті шешімдерді талап етеді және біз осындай шешімдерді ұсына алатынымызды мақтан тұтамыз. Ақтау порты ТКХБ негізін қалаушы-мүше ретінде Каспий ғана емес, Орталық Азия өңіріндегі логистиканы трансформациялаудың қозғаушы күшіне айналды. Біз Қазақстан Республикасының контейнерлік ХАБқа және Қытай, сондай-ақ Орталық Азия елдері үшін басым транзиттік елге айналдыру жөніндегі стратегиясын іске асыру жолындамыз деп нық сеніммен айта аламыз”.

Өз кезегінде “Azurite logistics” осы партияны жөнелтуші компанияның бас директоры Әліби Қалышев осы уақытқа дейін тауарды сатып алушыға Түркияға жеткізу Новороссийск теңіз порты арқылы жүзеге асырылғанын және жаңа бағыт логистиканы үнемдеуге және тапсырыс берушілеріміз үшін жеткізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, ол Түркияға балама жол компания үшін тәуекелдерді басқарудың жаңа мүмкіндіктерін ашатынын, ресейлік вагон операторларына және Ресей темір жолдарының инфрақұрылымына тәуелділікті төмендететінін, сондай-ақ үздіксіз экспорттық жеткізілімді қамтамасыз ету үшін шетелдік серіктестерге жүктерді жеткізудің екінші стратегиялық бағыты болып табылатынын атап өтті.