Неміс бизнесімен онлайн – кездесу

Бүгін, 2021 жылғы 31 наурызда Ақтау портының конференц-залында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың “Қазақстан-Жаңа Жібек жолындағы хаб: Көлік және логистикадағы ынтымақтастық мүмкіндіктері” Герман бизнесімен онлайн – кездесуі өтті, Ақтау теңіз портынан Басқарма Төрағасы (Президент) А. Н. Түрікпенбаев сөз сөйледі.

Осы онлайн-кездесу барысында көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, транзиттік тасымалдар көлемінің өсуі, көлік шығындарын қысқарту, көлік саласына инвестициялар мен инновацияларды тарту мәселелері, сондай-ақ мемлекеттің имиджін нығайтуға ықпал ететін жаһандық логистика және көлік нарығының әртүрлі сегменттерінде пайдаланылатын неғұрлым тиімді шешімдер талқыланды.