«Баутино» жүк ауданы

«Баутино» жүк ауданы “Ақтау халықаралық теңіз сауда порты” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының бөлімшесі болып табылады, Түпқараған түбегінің Баутино мүйісінің айдынында, Баутино кентінде (Ақтау қ.-нан 150 шақырым) орналасқан.

Баутино порты 200 мың тоннаға жуық жүкті өңдеп шығуға қабілетті. Оның негізгі артықшылығы – толқыннан табиғи қорғалғандықтан, кемелердің рейдте тұрып қалмай дауылды ауа райында да жүк тиеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруінде.

Мүмкіндіктері:

  • Навигациясы – жыл бойғы
  • Жұмыс кестесі – тәулігіне 24 сағат
  • Айлақ саны – 1
  • Айлақ қабырғасының ұзындығы – 150 м
  • Айлақ тұсының тереңдігі – 5,5 метр
  • Жүк тиеу-түсіру техникасы – жүк көтерімділігі 32 және 5 тонналық 2 порталды кран.
  • Жүк номенклатурасы: өнеркәсіп жабдықтары, құрылыс материалдары, ұлутасты блоктар, құрылыс және отын ағаштары, азық-түлік, малға қоспажем, контейнерлік жүктер, металлолом және басқалар.
Байланыс телефондары:

Казачков Петр Иванович
«Баутино» ж/а бастығы

  • тел.: 8 (72938) 24888
  • e-mail: kazachkov_p@aktauport.kz

Гринин Юрий Михайлович
Флот жөніндегі бас диспетчер

  • тел.: 8 (72938) 24049
  • e-mail: grinin_u@aktauport.kz